“Былтыр ғана құрылған Федерациямыз үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Теннистен әлем чемпионатына Қазақстан бірінші рет қатысып отыр. Теннис бойынша чемпионатқа қатысуға демеушілік көрсеткен АО "Самрук Қазына" мен "Sport Qory". Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Ал велоспорт бойынша Әлем Кубогіне екінші рет қатысқалы жатырмыз. Астаналық Дастан Ордабай 2023 жылдың күміс жүлдегері. Англия, Аустралия, АҚШ, Франция, Индия құрамалары фавориттер қатарында. Бір айта кететін жайт, аталмыш елдерде интеллектуалды дамында ерекшеліктері бар спортшылар мемлекет және жергілікті қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие. Өкінішке орай бізде бұл санаттағы жандар елеусіз қалған. Басында жәй қоғамдық ұйым ретінде құрылған Федерациямыз Парламентке өз ұсыныстарын берді. Алдағы уақытта Үкімет және Парламент жағынан тиісті қолдау табамыз деген үміттеміз.”, - деді ҚР Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар спорт федерациясының (IDSport) Президенті Дина Темірғалиева.