Қазақстан теннистен 2025 Virtus Әлем чемпионатын қабылдайды
3-мамыр мен 11-мамыр аралығында Астана қаласы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында халықаралық жарыс — Virtus Әлем чемпионаты өтеді.
Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Азияда алғаш рет! 8 мемлекеттің ең мықты теннисшілері қатысатынын растады:
Бельгия
Аустралия
Польша
Ұлыбритания
Италия
Индия
Франция
Қазақстан
Жарыстар II1, II2 и II3 санаттарында жеке, жұптық және командалық разрядтарда өтеді.