Ашылу салтанаты мен баспасөз конференциясының өту күні мен уақыты: 20 сәуір 2024 жыл, сағ.: 10:00
Өтетін орны: Алматы қ., әл- Фараби д-лы, 128/7, «Sadu Hotel» қонақ үйі
Аккредитация мен қосымша ақпарат алу үшін Федерацияның баспасөз-қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз: Таңшолпан Шахан, тел.: +7 707 555 39 83, э-пошта: info@idsport.org
Жаңалықтар мен толық ақпаратты төмендегі Федерацияның веб-сайтынан және Instagram әлеуметтік желісінен бақылауға болады.
https://idsport.org/
https://www.instagram.com/idsportfederation/
https://idsport.org/
https://www.instagram.com/idsportfederation/
Анықтама үшін
1. «VIRTUS» интеллектуалдық ерекшеліктері бар тұлғаларға арналған Халықаралық спорт федерациясы Халықаралық паралимпиада комитетімен қабылданған. 100 астам мемлекет Virtus мүшелері болып табылады және 7000–нан аса спортшы халықаралық жарыстарға қатысу үшін Virtus–қа тіркелген. Федерация интеллектуалды бұзушылықтары бар спортшылардың рұқсатын, жоғары жетістік жарыстарын өткізуді және спорттың дамуын реттейді. Интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар адамдарға ақыл кемістігі IQ 75 немесе одан да төмен адамдар, елеулі қосымша бұзушылықтары бар адамдар (даун синдромы) және АСБ (жоғары функционалды аутизм) жатады. Жеңіл атлетика, жүзу және үстел теннисі бойынша Virtus Global Games жақсы нәтижелер көрсеткен II1 санатындағы спортшылар Паралимпиада ойындарына тікелей жолдамалар алады.
2. Virtus Global Games —әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыса алатын интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі спортшылар үшін елеулі оқиға. Осы іс-шара Паралимпиада ойындарының алдында төрт жылда бір рет өткізіледі.
3. «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ 2022 жылдың ақпанында құрылып, Қазақстанның 13 аймағында филиалдары бар. Федерация интеллектуалдық дамуында бұзушылықтары бар тұлғаларға жоғары жетістік спортын дамытумен әйгілендірумен, спорт іс-шараларын ұйымдастырумен, өткізумен айналысады және өзінше Орталық Азия территориясындағы жалғыз ұйым болып табылады. 2023 жылдан бері «VIRTUS» интеллектуалдық дамуында ерекшеліктері бар тұлғалардың халықаралық спорт федерациясының мүшесі. Қазақстанның спортшылары 2023 жылдың маусым айында Виши қаласында (Франция) өткен VIRTUS Global Games VI Бүкіләлемдік ойындарына бірінші рет қатысып жақсы нәтижелер көрсетті. Трек веложарысында Дастан Ордабай (аутизмы бар спортшы) екінші орын алып Қазақстанға 3 күміс медаль алып келді. 2024 жылдың 2-8 қаңтар аралығында Аустралия мемлекетіндегі Балларат қаласында Virtus Cycling World Series-2024 Әлемдік жарыс өтіп, екі жоғары сынама марапатын жеңіп алған қазақстандық паравелосипедші Дастан Ордабай.
4. Almaty Half Marathon – бұл жай жарыс қана емес, сонымен қатар әр қатысушы жаһандық жүгіру мәдениетінің бөлшегі бола алатын жарқын халықаралық оқиға. 2024 жылы Almaty Half Marathon осымен жетінші рет өткізілетін болады.