Астанадағы VIRTUS Әлем чемпионаты шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды
Елордада теннистен өтіп жатқан Virtus әлем чемпионаты аясында (5-11 мамыр) 8 елден келген делегациялардың қатысуымен ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті, деп хабарлады Sport12.kz
«Бүгін біз керемет экологиялық акцияға – ағаш отырғызуға қатыстық. Бұл шынымен ерекше күш береді. Осындай маңызды және игі істің бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Мұнда болу – ерекше ләззат сыйлайды. Қазақстан есте қаларлықтай әсер қалдырады. Осындай қабылдау үшін рахмет!» - деді Virtus халықаралық федерациясының өкілі Лесли Уайтхэд.