2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні
Бүгін бүкіл әлем аутизм мәселесі туралы құрметпен, түсіністікпен және қамқорлықпен айтып жатыр.
Біз үшін IDSPORT — күнтізбедегі қарапайым күн емес. Спорттың барлығына арналғанын еске салатын күн. Федерацияның мақсатқа бағытталған жұмысының нәтижесінде аутистік спектор бұзылыстары бар спортшылар тек қана спорт қоғамдастығына интеграцияланған жоқ, сондай-ақ, медальдарды жеңіп, жүлделі орындарға ие болып, мемлекетіміздің атын шығарып, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты көрсетіп келеді.
Біз күнделікті қиындықтарды жеңіп, спортқа адал болғандардың әрқайсысымен мақтанамыз. Бүгін олар жай қатысушылар ғана емес — Қазақстандағы спорт намысының қорғаушылары.
Бұл күні біз: хабардарлықтан қабылдау туады, ал спорт біріктіреді деп айтамыз.