Новости федерации

Пара-спорт әлеміндегі тарихи оқиға!

«Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ (ИЕА спорт федерациясы) дамуында интеллектуалдық ерекшеліктері бар пара-атлеттер (T20 классы) арасындағы Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024 Әлем Чемпионатын өткізеді. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2024 жылдың 21 сәуірінде жыл сайынғы ALMATY HALF MARATHON төңірегінде өтеді. Virtus Әлем чемпионаты ҚР Спорт және туризм министрлігінің республикалық күнтізбесіне енген.
Халықаралық жарысқа Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және Қазақстанмен қоса 8 мемлекеттің пара-спортшылары қатысады.
Қазақстан намысфын ii1 (жеңіл ақыл-ойдың дамуы) мен ii3 санатындағы (аутизмы бар спортшылар) алты пара-спортшыдан тұратын құрама қорғайды: олардың 5-і Астана қаласынан және 1-і Алматы қаласынан.
Virtus Халықаралық федерациясының Президенті Марк Трюффо мемлекеттің интеллектуалдық бұзушылықтары бар адамдар арасындағы спортты дамыту талпынысын атап өтіп, бұл оқиғаның Қазақстан мен барлық Орталық Азия өңірі үшін маңызды екенін жеткізді. 2023 жылы Virtus Global Games алғаш қатысқан қазақстандық атлеттер велоспорт бойынша үш медаль жеңіп, айтулы жетістіктер көрсетті.
ҚР ИЕА спорт федерациясының президенті Дина Темиргалиева: «Қазақстандағы "Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024 Әлем Чемпионаты – Қазақстанның пара-спорт бойынша халықаралық аренадағы маңызын нығайтатын оқиға. Азияда Virtus Әлем чемпионатын алғаш рет қабылдап, өңірдегі интеллектуалдық бұзушылықтары бар адамдар үшін спортты дамыту мен интеграциясына маңызды қадам жасадық. Бұл жарыс біздің пара-атлеттерімізге әлемдік сайыстарға қатысуға мүмкіндік береді және қажетті рейтинг ұпайларын жинауға көмектеседі. Жартылай марафон бойынша 2023 жылғы Еуропа чемпионы португалиялық Cristiano Pereira қатысуы ерекше қызығушылық танытпақ. Бұл жарыс деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді».
Әлем чемпионатының Ресми ашылу салтанаты мен VIRTUS аясында интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар үшін жоғары жетістіктер спортын дамыту бойынша брифинг-конференциясы 2024 жылдың 20 сәуірінде өтеді. Аталмыш іс-шараға Халықаралық Virtus федерациясының Басқарма мүшелері, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің Бас хатшысы, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшылығы және ҚР жеңіл атлетика федерациясының өкілдері қатысады.
Мүшелік: Virtus