Новости федерации

Орталық Азияда алғаш рет

Қазақстан теннистен 2025 Virtus Әлем чемпионатын қабылдайды

3-мамыр мен 11-мамыр аралығында Астана қаласы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында халықаралық жарыс — Virtus Әлем чемпионаты өтеді.
Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Азияда алғаш рет!
8 мемлекеттің ең мықты теннисшілері қатысатынын растады:
  • Бельгия
  • Аустралия
  • Польша
  • Ұлыбритания
  • Италия
  • Индия
  • Франция
  • Қазақстан
Жарыстар II1, II2 и II3 санаттарында жеке, жұптық және командалық разрядтарда өтеді.